Бұл туралы Украинаның ТЖ жөніндегі мемлекеттік кеңесі хабарлады.
«Амстердам-Куала-Лумпур» бағытын бетке ұстаған «Воинг-777-200» ұшағының бортында барлығы 298 адам болған. Оның 15-і экипаж мүшесі.
Хабарламада «іздеу жұмыстарына қаруланған сепаратистер кедергі келтіріп» жатқаны айтылған.
Ұшақ сағат 16:20-да радар бетінен жоғалып кеткен. Бір сағаттан кейін ТЖ мамандары Донецк облысы Шахтер ауданының Рассыпное және Грабовое ауылдарының ортасынан өртке оранған ұшақты тауып алды. Жалын сағат 17:40-та ауыздықталып, мәйіттерді іздеу жұмыстары басталған болатын.