Мамыр айында еліміздегі бір қызметкердің орташа жалақысы 84 мың 116 теңге құрады
![]() |
2011 жылғы мамырдағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 84116 теңгені құрады. |
Бұл өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 12,5 пайызға, нақты көріністе 3,8 пайызға артық көрсеткіш.
Статистика агенттігінің хабарлауынша, салалық құрылымда жалақының ең үлкен мөлшері қаржы және сақтандыру қызметінде болып отыр. Аталған салалардағы көрсеткіш 190,6 мың теңгені құрайды. Бұл орташа республикалық деңгейден 2,3 есеге артық. Ал кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтегі жалақы мөлшері - 161,7 мың теңге (1,9 есе), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 159,1 мың теңгеге (1,9 есе) болған. Ең төменгі жалақы ауыл шаруашылығында, орман және балық шаруашылығындағы қызметкерлерде сақталуда. Бұл көрсеткіш 44,2 мың теңге болып табылады және ел бойынша орта көрсеткішке қарағанда 47,4 пайызға төмен.
Ал өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында - 165,4 мың теңгені құрайды. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2,0 есеге асады. Ал Жамбыл облысындағы көрсеткіш 55,4 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 34,1 пайызға төмен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін