Маңғыстау: аттракционда зардап шеккен қыз әлі есін жиған жоқ
Маңғыстау облысының Мұнайшы ауылында ойын-сауық саябағында батуттан құлап зардап шеккен жеті жасар қыз баланың жағдайы әлі ауыр. |
“Бақыт Арайлым жасанды демалдыру аппаратына қосылған күйі жатыр. Оның ми қабаты баяғыда өлген. Тек жұмыс істеп тұрған ствол жасушалары есебінен жүрегі жұмыс істеп тұр”, - деп “Интерфакс-Қазақстан” агенттігіне облыстық балалар ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Мұсаханов мәлімдеді.
Полиция болса батут аттракционын тексеру қорытындысын жариялауға асығар емес.
“ИФ-Қазақстан” агенттігіне облыстық ішкі істер департаменті “тексеру жүріп жатыр” деп мәлімдеді.
Бұрын хабарланғандай, Мұнайшы ауылында 24 мамыр күні қатты боран салдарынан ойын-сауық саябағында батуттың аударылуы салдарынан 14 бала зардап шекті, оның төртеуі жансақтау бөліміне жеткізілді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аттракцион иесі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін