Бұл туралы облыстық Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті хабарлады.
«Қазақ газ өңдеу зауыты баллонға толтырылған газдың бөлшек сауда сату бағасын төмендетті. Бұдан былай газдың келісі бұрынғы 51 теңге 15 тиынның орнына 44 теңгеге сатылады», — делінген хабарламада.
«Газлимитед» ЖШС газдың келісін 30 теңге 39 тиыннан 23 теңге 90 тиынға дейін төмендетті.