Маңғыстау облысында бірінші жарты жылдықта салық түсімдерінің өсімі 70 процентті құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында бірінші жарты жылдықта салық түсімдерінің өсімі 70 процентті құрады

Маңғыстау облысында бірінші жарты жылдықта салық түсімдерінің өсімі 70 процентті құрады

Маңғыстау облысында биылғы 6 айда салық түсімдері 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 70 процентке артып 43,519 млрд. теңгені құрады. Ал болжамдық түсім 39 млрд. теңге болатын. Бұл туралы Маңғыстау облыстық салық комитетінің төрағасы Ерік Жиенбеков хабарлады.

  • 12 Тамыз 2003
  • 482
Фото - Caravan.kz

Комитет ақпаратына сәйкес, бұл түсімді негізінен облыстағы мұнай өңдеуші кәсіпорындар : «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ, «Өзенмұнайгаз» ААҚ, «Қаражанбасмұнай» ААҚ мен «Арман» ЖШС қамтамасыз етіп отыр.

2003-жылы облыстық салық комитеті мемлекттік бюджетке 80 млрд. теңге көлемінде салық түсімдерін жинауды жоспарлап отыр. Ал былтыр бюджет қоржынына 60,673 млрд. теңге қосылған болатын.
Е.Жиенбековтың хабарлауынша, салық комитеті жергілікті және республикалық бюджеттің кіріс бөлігін қазірдің өзінде 100 процент қамтамасыз етіп үлгерді. Атап айтсақ, салық комитеті облыстық жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін 11,300 млрд. теңгемен қамтамасыз етуді жоспарлаған болатын, ал шын мәнінде жергілікті бюджетке 11,632 млрд. теңге түсім құйылды. Республикалық бюджет қоржынына қосылатын қаржылық жинақтар да артығымен орындалып, 31,887 млрд. теңгені құрады. Ал болжанған мөлшер 28,650 млрд. теңге болатын.

Соңғы жаңалықтар