Апат «Өзен-Атырау-Самара» магистралды мұнай құбырының Сай-Өтес-Бейнеу учаскесінде 6-шілдеде болған.
Агенттік ақпаратына сәйкес, қазір құбырдың мұнай ағып жатқан бөлігінде дәнекерлеу жұмыстары жүзеге асырылып, 1200 тонна мұнай шайындысы Бейнеу мұнай айдау станциясының аумағына жеткізілді. Қазір төгілген мұнайды сіңіріп алу шаралары жүзеге асырылуда. Мұнай төгілген жерді қоршай күзет бекеттері орнатылды.
Апат зардаптарын жоюға «ҚазТрансОйл» компаниясы батыс филиалының 200 адамы мен 83 арнаулы техника жұмылдырылды.