Жарияланды: 560

Маңғыстау облысында оба індетін таратпау мақсатына 33,160 млн. теңге бөлінді

Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі Маңғыстау облыстық комиссиясы төрағасының шешімімен оба індетін таратпау мақсатына 33,160 млн. теңге бөлінді. Соның ішінде санитарлық қызметке 14,300 млн. теңге арналды. Бұл туралы бүгін, 31-шілдеде өткен баспасөз мәслихатында ҚР денсаулық сақтау министрлігі Республикалық СЭС-ның бас дәрігері Кеңес Оспанов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Оның айтуынша , Мемлекеттік эпидемиологиялық бақылау қызметі облыстық департаментінің хатына сәйкес ауырған түйенің еті сатылған Ақтаудағы "Масат" базарының ет сататын бөлімінің жұмысы 29-шілдеден бастап тоқтатылып, дезинфекциялау шаралары жүргізілді. Сонымен қатар мал дәрігерлік куәлік берген лауазым иелері мен ауырған түйені союға қатысқан адамдарға қатысты материалдар прокуратураға беруге дайын болды. Сондай-ақ, обаға байланысты облыстағы эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат жеке меншік мекемелерден бастап барлық емдеу-сауықтыру мекемелеріне таратылды. Оба індетінің шығуына байланысты эпидемиологиялық ахуалдың күрделілене түсуіне орай санитарлық қызмет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс халқына арнап профилактикалық шаралар қолдану туралы мәлімдеме жасады. К.Оспановтың айтуынша, әзірге облыста эпидемия белең ала қойған жоқ, дейтұрғанмен, жұқпалы аурудың ауырған түйенің еті арқылы таралу қаупі бар. Қазір жұқпалы ауруды таратпауға бағытталған шаралар одан әрі жалғасуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть