Жарияланды: 560

Маңғыстау облысының әкімі ауылдық кәсіпкерлерге жаңа тракторлардың кілтін табыс етті

ҚР үкімет басшысының орынбасары-ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов Маңғыстау облысының әкімі Болат Палымбетовтың ауылдық кәсіпкерлерге МТЗ-80 үлгісіндегі жаңа 6 трактордың кілтін табыс етуге бағытталған салтанатты рәсімге қатысты. Бұл техниканы "Маңғыстауагросервис" ҚКК дихандарға лизинг есебінен тапсырып отыр,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Биыл ауылшаруашылығы басқармасы бекіткен бағдарламаға сәйкес 2000 қой, 60 түйе, 30 жылқы, 15 сиыр, МТЗ-80 үлгісіндегі 6 трактор, ГП-6 үлгісіндегі 7 тырма, КДП-4 үлгісіндегі 7 шөп машинасы, 6 шөп прессі, 50 су насосы сатып алынып, олардың басым бөлігі шаруашылықтарға табыс етілді. Тракторлар "Раушан", "Үштаған", "Тұщықұдық", "Бейбіт" және "Таушық" ЖШС-іне тапсырылды. "Маңғыстауагросервис" ҚКК жас малшылар мен фермерлерді қолдау мақсатымен облыс әкімі Б.Палымбетовтың шешіміне сәйкес 2002-жылы құрылған. Ауылшаруашылығын дамыту үшін биыл облыстық бюджеттен 50 млн. теңге бөлінді. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, компанияның басты мақсаты - экономиканың ауылшаруашылығы секторындағы кәсіпкерлік жобаларды қолдау болып табылады. Атап айтсақ, компания тиісті қорлардағы қаржыны ауылдықтарға таратуда жауапкершілік жүктейді. Сондай-ақ, "Маңғыстауагросервис" қызметкерлері несие беруге арналған болашағы бар жобаларды дайындап, ауыл тұрғындарын машықтандырумен бірге конкурстық құжаттарды дайындауға қол ұшын береді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть