«Бүгін үкіметтің қаулысымен Марат Аблахатұлы Оразаев ҚР ауылшаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.
«М. Оразаев 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. 1991 жылы Алматы халықшаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірді», — делінген құжатта.
М. Оразаев түрлі жылдарда Қаржы министрлігінде жұмыс істеген, бүгінге дейін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің қаржылық қамтамасыздық департаментінің директоры қызметін атқарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті