Жарияланды: 440

Марченконың студенттерге дәріс оқуға ниеті әзірге жоқ

ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченконың студенттерге дәріс оқуға әзірге ниеті жоқ.

«Әзірге ұстаздықпен айналысуға ниет те (уақыт та) жоқ», - деп жазыпты Г. Марченко profinance.kz форумындағы онлайн-конференцияда сәйкес сұраққа жауап бере отырып. Оның айтуынша, ол магистратураға (Ұлттық банктің - ҚазТАГ) «нұсқаушы немесе жалпы дәрістермен жылына 1-2 рет» барады. Ал мамыр айында ай сайынғы дәстүрлі баспасөз мәслихатында Ұлттық банктің басшысы өзінің жалақысы аз екенін айтқан болатын. «Менің жалақым аз, мені осы жағдай қапаландырады», - деді Г.Марченко. БАҚ-тың хабарлауынша, Т. Рысқұлов ат. ҚазЭУ-дың жанындағы МВА бағдарламасы бойынша магистратура Қазақстан қаржыгерлерінің ІІІ конгресінің қорытындысы бойынша құрылды, ол кезде ҚР президенті білім және ғылым министрлігіне Ұлттық банкпен және қаржыгерлер қауымдастығымен бірлесіп, білім жүйесін қаржылық мамандықтар бойынща модернизациялауды тапсырған болатын. Ұлттық банк жыл сайын магистратурада тегін оқуға белгілі бір орындар санын бөледі. Магистратураға қабылдау конкурстық негізде жоғарғы математика, микро және макроэкономикадан сұрақтардан тұратын жазбаша емтиханның нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін