Мас күйінде көлік жүргізген Айсәуле Бақытбек жүргізуші куәлігінен айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мас күйінде көлік жүргізген Айсәуле Бақытбек жүргізуші куәлігінен айырылды

Мас күйінде көлік жүргізген Айсәуле Бақытбек жүргізуші куәлігінен айырылды

Атышулы Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек мас күйінде көлік жүргізгені үшін үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

  • 26 Ақпан 2019
  • 11200
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Айта кететін жайт, бұл ақпарат бір жыл өткеннен кейін ғана мәлім болды. Айсәуле Бақытбектің жүргізуші куәлігінен айырылғанын көпшілік қауым білмеген.

Caravan.kz медиа порталының корреспонденті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот актілерін негізге ала отырып, мәліметтермен бөлісіп отыр.

2018 жылдың 28 ақпанында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына іс түскен. Сот ісіне қатысқан басты айыпталушы — Айсәуле Бақытбек.

Ішімдік және жүргізуші куәлігінен айырылу

Сот болмай тұрып, төрт күн бұрын яғни, 2018 жылдың 24 ақпан күні таңғы сағат 6-да жол полициясы Айсәуле Бақытбек рөлде отырған "Toyota" автокөлігін тоқтатқан. Медициналық сараптама көрсеткендей,Айсәуле алкогольді ішімдіктің орташа деңгейінде мас болған.

Мас күйінде ұсталған Айсәуле Бақытбек сотқа келмеген. 2018 жылдың 7 наурыз күні сот Айсәуле Бақытбекті кінәлі деп танып, оның жүргізуші куәлігін үш жылға айырған.

10 күннің ішінде қылмыс жасаған Алагөзованың қызына апелляцияға арыздануына мүмкіндігі болды, бірақ оның апелляцияға арызданғаны Caravan.kz медиа порталы анықтай алмады.

Сол күні Айсәуле Бақытбек немен айналысты?

Айсәуле Бақытбектің сол күні немен айналысқанын тек қана инстаграм желісі арқылы ғана біле аламыз. 

2018 жылдың 23 ақпан күні Айсәуле элиталық RIXOS Almaty қонақ үйінде түскен суретін жүктеген. Ол ер азаматтарды мерекемен құттықтап, сүйгеніне не сыйлағанын жазған. Ал келесі күні таңертең атышулы арудың мас күйінде көлік жүргізгені белгілі болды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Aissaule Bakytbek (@aissaulebakytbek) on

Ұзақ уақыт үнсіздіктен кейін Айсәуле Қазақстандағы жемқорлық туралы пост жариялайды. Постта ару ең көп пара алатындар полицейлер екенін жазған.

"Мен онсыз да жемқорлықтан көз ашпай отырған елімде өз-өзіме пара алмауға және пара бермеуге ант бердім. Өйткені мемлекет өзіңнен басталады. Егерде сіз еліңізді пайдалану үшін ғана қызмет етсеңіз, онда сіз қоқыссыз. Қоқыс демекші… Мен полицейлерден артық пара сұрап, пара алатындарды білмеймін", — деп жазба қалдырған.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 

A post shared by Aissaule Bakytbek (@aissaulebakytbek) on

 Бұл постындағы да сурет RIXOS Almaty қонақ үйінде жасалған сурет болып шықты. Осы посттан кейін үш күннен соң Айсәулеге қатысты сот үкімі шығады.

17 наурыз күні Айсәуле Бақытбек ақ «Toyota» маркідегі көліктің жанында қолында көліктің кілтін ұстап, суретке түсіп, пост салған. Ару бұрындары да дәл осы көлікпен түскен фото және видео жүктеген еді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Aissaule Bakytbek (@aissaulebakytbek) on

Екінші шілде күні Айсәуле Бақытбек қызық пост салады. Бақытбек жап-жаңа қара түсті "Toyota Camry" маркалы көлігімен суретке түсіп, анасына көлік үшін алғысын айтады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Aissaule Bakytbek (@aissaulebakytbek) on

Енді сұрақ: Жүргізуші көлігінен айырылған адамға автокөлік сыйлаудың қаншалықты қажеті бар?

Соңғы жаңалықтар