Мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасын қайта қарау керек - Премьер - kaz.caravan.kz
  • $ 511.92
  • 588.91
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасын қайта қарау керек - Премьер

Мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасын қайта қарау керек - Премьер

Жыл басынан бері 6 миллионға жуық жол ережесін бұзудың жолы кесілді.

  • 30 Шiлде 2024
  • 10
Фото: ашық дереккөз

Премьер-министр Олжам Бектенов Ішкі істер министрлігіне мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасын қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Жыл басынан бері 6 миллионға жуық жол ережесін бұзудың жолы кесілді. 12 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай тәртіп бұзатындарға өте қатаң шаралар қолданылуы қажет», — деді ол.

Үкімет басшысы Үкіметтің бұл мәселедегі басты міндеті адам өмірін сақтау екенін еске салды.

«Сондықтан осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу тәсілдерін қайтадан қарау қажет деп санаймын. Біздің басты міндетіміз – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, авариялар мен өлім-жітімді азайту. Ол үшін жүйелі іс-шараларды әзірлеу керек», — деді Олжас Бектенов.