Мәсімов Ақтөбеде сауда және көңіл көтеру кешенін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәсімов Ақтөбеде сауда және көңіл көтеру кешенін ашты

Мәсімов Ақтөбеде сауда және көңіл көтеру кешенін ашты

Ақтөбе. 11-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Ақтөбеде 1,5 мың адамды жұмыспен қамтамасыз еткен "Алатау" сауда және көңіл көтеру кешенін ашты. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыс әкімшілігінің баспасөз хатшысы Қайрат Сұлтаналин хабарлады.

  • 11 Желтоқсан 2007
  • 521
Фото - Caravan.kz

Жаңа сауда және көңіл көтеру кешенін аралау Кәрім Мәсімовтың Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары бағдарламасының қорытынды нысаны болды. Қайрат Сұлтаналиннің айтуынша, бұл Ақтөбені дамытудың бас жоспары аясында салынған алғашқы көңіл көтеру мегакешені.

«Жақын арада облыс орталығында осы тектес тағы 3 — 4 кешен салынбақ. Сөйтіп, тұрғындардың мәдени демалу проблемалары шешіліп қана қоймай, қала тұрғындары отандық және шетелдік өндірістердің жоғары сапалы тауарларымен қамтамасыз етілетін болады»,- деп атап өтті әкімшіліктің баспасөз хатшысы.

«Алатау» кешені жалпы алаңы 30 мың шаршы метрден асып жығылатын 4 қабатты ғимаратта орналасқан, оның құрамына белгілі сауда фирмаларының супермаркеттері кіреді. Кешен құрылысына 30 млн АҚШ долларынан астам инвестиция салынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті