Мәсімов электр қуаты саласындағы тариф түзу және ресурс үнемдеу технологияларын дамыту жөніндегі заң жобаларын жасауды қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәсімов электр қуаты саласындағы тариф түзу және ресурс үнемдеу технологияларын дамыту жөніндегі заң жобаларын жасауды қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды

Мәсімов электр қуаты саласындағы тариф түзу және ресурс үнемдеу технологияларын дамыту жөніндегі заң жобаларын жасауды қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды

Астана. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысы барысында электр қуаты саласындағы тариф түзу және ресурс үнемдеу технологияларын дамыту жөніндегі заң жобаларын жасауды қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Маусым 2008
  • 634
Фото - Caravan.kz

«Электр қуаты мәселелеріне қатысты заң жобаларының топтамасын қыркүйекте парламентке ұсыну үшін үкіметтің отырысына шілде айында енгізуді тапсырамын», — деді Кәрім Мәсімов.

Заң жобалары орны толатын қуат көздерін пайдалануды қолдау, электр энергетикасы саласында нарықтық қатынастарды дамытуға бағытталады. Сондай-ақ, электр қуатының және ілеспе қызметтердің 2015 жылға дейінгі болжамдық баға деңгейін бекіту көзделген.

ҚР ЭМРМ Сауат Мыңбаевтың түсіндіргеніндей, бұл құжаттарды жылдамдата қабылдау электр қуатының айрықша тапшылығы проблемасын шешу мен электр желілерін модернизациялау үшін қажет. Қазақстанда 2002 жылдан бері электрді тұтыну көлемі отыз пайызға өссе, оны өндіретін кәсіпорындар саны небәрі 3,5%-ға өскен. Қазіргі бар станциялардың резерві толық дерлік түгесілгендіктен, экономикаға, соның ішінде өнеркәсіпке электр қуатының жеткізілімі шектелген жағдайда жұмыс істеуге тура келмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті