Жарияланды: 420

Мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркелген 149 адам сайлауға қатысудан бас тартты

2003-жылдың 23-тамызындағы жағдаймен мәслихат депутаттығынан үміткер ретінде тіркелген 149 адам сайлауға қатысудан бас тартты, сондай-ақ, сайлау комисиясының шешімімен тағы бір адамның кандидатурасы алып тасталды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясынан таратылған хабарламада айтылған.

Қазіргі жағдаймен елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығынан кандидат ретінде 7411 адам тіркелді. Соның ішінде 1771 адам облыстық мәслихатқа, 3623 адам аудандық, 2017 адам қалалық мәслихаттарға депутаттықтан үміткер ретінде тіркелді. Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, сайлау комиссиялары мен соттар шешімімен 14 адамның кандидат ретінде тіркелу құқығы қалпына келтірілді. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жергілікті өкілетті органға халық қалаулысын сайлау мерзімі 2003-жылдың 20-қыркүйегіне белгіленген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін