Жарияланды: 580

"Маслодел" компаниясының бас директоры Қазақстанда өсімдік майының бағасының төмендемеу себебін шикізаттың өзіндік құнының жоғарылығымен түсіндіреді

Астана. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" -"Маслодел" компаниясының бас директоры Павел Селиванов Қазақстанда өсімдік майының бағасының төмендемеу себебін шикізаттың өзіндік құнының жоғарылығымен түсіндіреді. Ол журналистерге бүгін осындай түсініктеме берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Украина мен Ресейдің өнім өндірушілерінің беріктік қоры бізге қарағанда әлдеқайда жоғары. Шикізат өсіруде 1 гектардағы шығымдылық бізде орта есеппен рапс бойынша 7 центнер болса, Украина мен Ресей 25 центнерден жинайды. Сол себепті дайын өнімнің өзіндік құны оларда біршама төмен. Сондықтан олар өсімдік майы нарығында олар демпинг жасау арқылы отандық өнім өндірушілердің маржасын азайтып, өндірістің тиімділігін жоюда", - деді П. Селиванов. "Біз отандық шикізат сатып аламыз, бірақ баға тұрақты, ол Украина мен Ресейге қарағғанда 30% жоғары, сол себепті Қазақстан нарығында майдың бағасын одан әрі түсіру бізді отандық шикізатты сатып алудан бас тартуға алып келеді", - деді ол. Оның айтуынша, "егер рапс Ресейде 7 мың рубль тұрса, бұл шамамен 35 мың теңгеге тең, ал біз 50 мың теңгеге сатып аламыз. Ресейде күнбағыс 5,5 - 6 мың рубль тұрады, бұл - 27 - 30 мың теңге, ал біз 45 мың теңгеге сатып аламыз". "Біз үкіметке шетелдік өнім өндірушілердің дайын өніміне уақытша баж салығын енгізу жөнінде ұсыныс жаздық. Олар нарықта басымдыққа ие болмуы үшін. Сол арқылы біз сатып алу бағасын тұрақтандырып, оны бұрынғы деңгейде қалдыру арқылы қалыптасқан жағдайдан шығамыз", - деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін