Мәжіліс әскери киім киіп жүруді реттейтін заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс әскери киім киіп жүруді реттейтін заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс әскери киім киіп жүруді реттейтін заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Астана. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Әскери киімді заңды және жеке тұлғалардың пайдалануын (киюін) шектеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші және екінші оқылымда мақұлдады.

  • 12 Желтоқсан 2007
  • 349
Фото - Caravan.kz

Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекс пен «Күзет қызметі туралы» заңға өзгерістер енгізіледі.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекске енгізілетін өзгерістер «әскери кімді, айыру белгілерін, мемлекеттік әскерилендірілген, құқық қорғаушы және бақылаушы органдардың нышан белгілерін заңсыз пайдаланушы заңды тұлғалар үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастырады».

Күзет қызметі туралы заңға «республика аумағында күзет іс-қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның өкілеттілігін нақтылайтын» түзетулер енгізіледі.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті