Жарияланды: 880

Мәжіліс депутаты Жұматай Әлиев Қазақстанда жасанды түсік жасатуға тыйым салуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Жұматай Әлиев Қазақстанда жасанды түсік жасатуға тыйым салуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Жұматай Әлиев үкіметке елдегі демографиялық ахуалды жақсартуға бағытталған іс-шараларды қолға алуды ұсынды.

Сәрсенбі күні үкімет басшысы Серік Ахметовке жолдаған сауалымен таныстырған халық қалаулысы осындай мәселе көтерді. Оның ойынша, Қазақстанда жасанды түсік жасатуға тыйым салынып, ондай операцияларға тек арнайы медицина мекемелерінде, ана мен бала өміріне қауіп төнген жағдайда ғана рұқсат етілуі тиіс. Сонымен қатар, дүние есігін ашқан әр сәби үшін 300 мың теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы тағайындау қажет. Бұл бала туу көрсеткішін арттыруға мүмкіндік береді, дейді ол. «Бірқатар мемлекеттердің тәжірибесі бойынша аналар капиталын қалыптастыру қажет. Ресейде ол 10 мың долларға жуықтайды, ал араб елдерінде 20 мың доллар», - деді Ж.Әлиев. Оның айтуынша, «мемлекет жалғыз ілікті аналарды қамқорлыққа алып, оларға жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетуі тиіс». «Азаматтық неке мен ажырасушылар саны жыл сайын артып барады. Соған байланысты неке және отбасы туралы заңға баланы тәрбиелеуде ата-ана жауапкершілігін күшейту қажет», - деді депутат.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін