Мәжіліс екінші оқылымда байланыс мәселелері жөніндегі заңнама түзетулерін мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс екінші оқылымда байланыс мәселелері жөніндегі заңнама түзетулерін мақұлдады

Мәжіліс екінші оқылымда байланыс мәселелері жөніндегі заңнама түзетулерін мақұлдады

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін пленарлық отырыста мәжіліс депутаттары "Байланыс мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 11 Маусым 2008
  • 356
Фото - Caravan.kz

Заң жобасы телекоммуникацияның әмбебап қызметін субсидиялау үшін ұялы байланыс операторларының бюджетке міндетті төлем төлеуші ретінде ынтымақтаса қатысуын көздейді.

Сондай-ақ, заң жобасы мемлекеттік тілдің қызмет ету саласының кеңеюі мен оның байланыс саласындағы пайдаланылуын мақсат тұтады. Мәселен, ұялы байланыс операторларын ақпараттық қысқа мәтіндік хабарламаларды (SMS) мемлекеттік және орыс тілдерінде жіберуді қамтамасыз етуге міндеттеу көзделген.

Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті