Мәжіліс екінші оқылымда ЖЗҚ қызметіне енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс екінші оқылымда ЖЗҚ қызметіне енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс екінші оқылымда ЖЗҚ қызметіне енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін пленарлық отырыста мәжіліс депутаттары "Ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорларының (ЖЗҚ) қызметі мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 11 Маусым 2008
  • 411
Фото - Caravan.kz

Өзгерістер бір жинақтаушы зейнетақы қорының аясында әрқилы инвестициялық портфельдерді, атап айтқанда, байыпты, консервативтік және агрессиялық инвестициялық портфельдерді қалыптастыру мүмкіндігін қарастырады. Аталған портфельдердің активтері әртүрлі инвестициялық стратегия бойынша инвестицияланады және тиісінше, қаржылық құралдардың құрылымы, табыс көлемі және тәуекел деңгейі бойынша ерекшеленеді.

Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті