Жарияланды: 340

Мәжіліс Есеп комитетінің екі мүшесін тағайындады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Константин Плотников пен Ерлан Тұрлыбековты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі етіп тағайындады.

Конституцияның 58-бабы 3-тармағының 7-тармақшасына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне кандидаттарды Мәжіліс Төрағасы ұсынады. Аталған кандидаттар Қаржы және бюджет комитетінің талқылауынан өтіп, комитет бұны мақұлдау туралы шешім шығарған. Палата Есеп комитетінің аталған мүшелерін тағайындауды бірауыздан жақтап, шешім қабылдады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть