Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге тұтқындауға соттан санкция беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге тұтқындауға соттан санкция беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады

Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге тұтқындауға соттан санкция беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады

Астана. 11-маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Кейбір заңнамалық актілерге тұтқындау түрінде кідірту шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады. Бұл туралы мәжілістің пленарлық отырысы барысында депутат Светлана Бычкова мәлімдеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.

  • 11 Маусым 2008
  • 420
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «сенаттың ұсынысы бойынша заң жобасының тақырыбын «Кейбір заңнамалық актілерге тұтқындау және үй қамақ түрінде кідірту шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп өзгертуге шешім қабылданды». Жалпы алғанда, мәжіліс депутатының айтуынша, келісім комиссиясының қарауына 34 түзету ұсынылды, олардың басым бөлігі сенаттың редакциясына сәйкес қабылданды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасының мақсаты қолданыстағы заңнаманы Конституцияның 16-шы бабына сәйкестендіруге саяды.

Атап айтсақ, Қылмыстық-процессуалдық кодекс пен «Прокуратура туралы» заңға түзетулер енгізіледі.

Қылмыстық-процессуалдық кодексте тұтқындауға санкция беру өкілеттілігін тікелей аудандық және қалалық сотқа беру заңдастырылады.

Кідірту шарасы ретінде тұтқындауды таңдау қажет болған жағдайда тергеу органы, тергеуші сотқа тұтқындауға санкция беру туралы өтініш жазады, ол іс материалдарымен бірге прокурорға жолданады.

Прокурор өз шешімімен бұл өтінішті қолдау немесе қолдамау жөнінде тиісті қаулы шығарады. Тұтқындау шарасын қолдануға прокурордың келісім бермеуіне тергеу органы немесе тергеуші қарсы шығып, жоғары сатылы прокурорға немесе сотқа шағымдана алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті