Жарияланды: 460

Мәжіліс ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің зейнетақы мөлшерін қайтадан есептеу жөніндегі есебін тыңдамақ ниетте

Бүгін, 3-қыркүйекте өткен мәжілістің жалпы отырысында мәжіліс депутаттары ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсованың зейнетақы мөлшерін қайтадан есептеу жөніндегі есебін тыңдауға ниет білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

Зейнетақы мөлшерін арттыру шарасын үкімет 2003-жылдың 1-маусымында жүзеге асырғаны белгілі. "Біз ауылдағы зейнеткерлердің зейнетақы мөлшерін қайтадан есептеу мәселесін зерттеу үшін депутаттардан құралған жұмыс тобын құрдық",- деп мәлімдеді KZ-today тілшісінің сұрақтарына жауап берген мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай. "Депутаттар өздері сайланған округтерде болған кезде кейбір ауылдық зейнеткерлер мардымсыз зейнетақыға үстеме алмақ түгілі соның өзіне зар болып қалған сорақы жағдайларды көптеп естіп білді",- деді ол. Палата жетекшісінің айтуынша, жұмыс тобы бұл мәселені дәйекті зерттеп, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан жасалған механизмдерді тиянақтағаннан кейін ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің есебін қашан тыңдау керектігі туралы шешім қабылдамақ ниетте. Осы орайда Ж.Тұяқбай есеп тыңдау дегеніміз - міндетті түрде қандайбір қауырт шешім қабылдау дегенді білдірмейді деп атап көрсетті. "Егер министр жағдайды егжей-тегжейлі түсіндіріп, депутаттарды есептің дұрыстығына , үстеме зейнетақының ауыл тұрғындарын толыққанды қарағаттандыра алғанына иландырып шыдаса мәселе бейбіт жолмен шешілуі мүмкін",- деді Ж.Тұяқбай. Сонымен қатар мәжіліс спикері конституциялық құқықтарына сәйкес депутаттардың ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсованы жұмыстан шығаруды талап етуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Егер еңбек және әлеуметтік қорғау министрі тарапынан заң бұзу немесе заңды теріс түсіндіру деректері орын алған жағдайда Елбасының алдына тиісті мәселе қойылады деді мәжіліс төрағасы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін