Мәжіліс төрағасы Қытайдың Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісімен жүздесті
Бүгін, 2-қыркүйекте ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбай дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Яо Пэйшэнмен жүздесті,- деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметінен. |
Қытайлық елші өзінің Қазақстанда өткізген үш жылын жалпы дипломатиялық іс-қызметі барысындағы ең ұмытылмас жылдар ретінде атады. Осы уақыт ішінде екі мемлекеттің өзара қарым-қатынасында интеграциялық процесстерді тереңдетуге, тату көршілікті нығайтуға септігін тигізетін айтулы ірі саяси оқиғалар болды,- делінген хабарламада.
Тараптар екі жақты ынтымақтастықтың, соның ішінде парламентаралық байланыстардың одан әрі пәрменді дамитынына кәміл сенім білдірді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін