Мейірбек Молдабеков: «Байқоңыр ғарыш айлағын халықаралық ғарыштық порт жасаймыз» - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мейірбек Молдабеков: «Байқоңыр ғарыш айлағын халықаралық ғарыштық порт жасаймыз»

Мейірбек Молдабеков: «Байқоңыр ғарыш айлағын халықаралық ғарыштық порт жасаймыз»

Бүгінде ғарышты игеру дамыған мемлекеттердің негізгі мәселесіне айналып отыр. Себебі, аталмыш сала әлемде жаhандық дамуды, экономикалық өрлеуді, адамзатқа қажетті түрлі игіліктерді іске асырудың негізгі жолы. Ғарышты игеруге еліміз де сан жылдан бері барын салып келеді.Өз ғарышкерлеріміз ғарышты бағындырса, бірнеше отандық ғарыш аппаратты көкке ұшырылды.

  • 19 Шiлде 2019
  • 358
Фото - Caravan.kz

Дәл қазіргі кезде аталған салада қандай жаңалықтар болып жатыр, нендей өзгерістер күтіп тұр? Бұл туралы Аэроғарыш комитеті төрағасының кеңесшісі МЕЙІРБЕК МОЛДАБЕКОВ Caravan.kz медиа-порталының тілшісімен бөлісті.

— Еліміздің ғарыш саласын дамытуда дәл қазір қандай жұмыстар жүріп жатыр?

— Соңғы 12 жылдың ішінде Қазастанның ғарыштық саласының негізі құрылғанының арқасында енді оны ары қарай дамыту мәселелері қарастырылып жатыр. Қандай бағытта?

Біріншіден, ғарышта ұшып жүрген байланыс аппараттарының екеуінің бірінің жұмыс істеу мерзімі 2023 жылы бітіп, оның орнына жаңа аппаратты қою керек. «KazSat» аппаратының орнына сондай жаңасын қою керек. Қазір соны жобалау жұмыстары жасалып жатыр.

Екінші бағыт, жерді ғарыштан суретке түсіретін аппараттар бар. «KazEOSat-1», «KazEOSat-2» деген. Олардың да мерзімі 2021 жылдың соңында аяқталуы керек. Сондықтан олардың да орнына жаңа екі аппаратты қою керек. Сол аппараттардың да жобалау жұмыстары қазір басталып жатыр.

Үшінші бағыт, мына ғарыштық навигация дейміз. Қазақстанда өз уақытысында жоғары дәлдік ғарыштық навигация жүйесі орнатылған. Бірақ еліміздің территориясының кеңдігіне байланысты сол станциялардың санын көбейту керек. Сол бағытта жұмыс істелініп жатыр. Сосын қазір цифрлық экономика деген жағдайда ғарыштық навигацияның қолдану бағыттары кеңейіп жатыр. Оған қолдану құралдарын жасау жүріп жатыр. Сол бағытта ғарыш саласы дамиды.

Ал енді Қазақстанның үлкен мәселесі Байқоңыр ғарыш айлағын сақтап қалып, ары қарай дамыту ғой. Қазір ол мәселенің өзектілігі өте жоғары. Өйткені, Ресей тарыпан Қиыр Шығыста «Жаңа Восточный» деген ғарыш айлақ салып, соған өзінің жұмысын аударайын деп жатыр. Ол бізге қандай қауіп төндіреді? Егер Ресей кетіп қалса Қазақстанға ғарыш айлағын игеру қиынға соғады. Өйткені, Байқоңыр ғарыш айлағының көлемі үлкен. Оның қаржыландыру жағы да қомақты, көптеген станциялар босап қалуы мүмкін. Сол үшін, біздің бірінші жүргізіп жатқан жұмысымыз, Ресейді Байқоңырдан толық кетірмеу. Өзінің үкіметтік федералдық бағдарламаларын Қиыр Шығысқа әкетсе әкете берсін, ал коммерциялық жобаларын қалдыру жолдарын іздестіріп, солармен бірге екі жобаны іске асыруды ойластырып жатырмыз.

Біріншісі, «Бәйтерек» ғарыш кешені. Ол үшін қазір Ресейде зымыран жасалып жатыр. Бізде жобалау жұмысы бітті. Оған Байқордың ғарыш айлағындағы қажетті нысанды Қазақстан өз қолына алды. Зымырандық кешеннің жердегі нысандарын өзіміз жасаймыз. Сонда бірлескен жобада Ресей зымыран жасайды, біз жердегі нысандарын жасап, басқарамыз. Сөйтіп бірлесіп ғарыш аппараттарын ұшырып, Байқоңыр ғарыш айлағының өмірін ұзартамыз деген сондай бір жоба бар.

yandex.kzyandex.kz

Екінші жоба Гагарин старт алаңы дейді, сол уақытысында жер серігі бірінші старттан ұшырылатын Гагарин ұшқан, одан бері 50 жылдай болып қалды. Енді не оны жабу керек, не оны модернизациялау керек. Сол жаңғырту жобасына БАӘ шақырып, үш жақты жоба жасап, Гагарин стартын іске қосып бірлескен коммерциялық ұшырыстар жасау. Сол екі жоба іске асса, онда Байқоңыр ғарыш айлағы жабылмай, сақтап қаламыз деген үміт бар. Ал бірақ осы уақытқа дейін Байқоңыр ғарыш айлағының ісіне біз толыққанды араласа алмай жүрміз. Неге десеңіз, мына зымыран технологияларын бақылайтын арнайы халықаралық ұйым бар. Олардың мақсаты не? Бұл қарапайым тілмен айтсақ зымыран технологиялары бар елдер бірігіп, басқа зымыран технологиялары жоқ елдерді соған жолатпаймыз деген ұйым. Ондай жағдайда біз Ресеймен де, Украинамен де немесе еуропа болсын, қай ел болсын олармен бірлескен жоба жасай алмаймыз. Себебі, олар бізге технология беруге құқы жоқ. Сондықтан бірлескен жоба асыра алмаймыз. Сол ұйымға кіру үшін Қазақстанның өзінің отандық зымырандық технологиясы болу керек. Оған бізде ғылыми нәтижелер бар, ғалымдар бар. Бірақ олардың тәжірибелері теория жүзінде жатқан , соны егер біз күш жұмсап технологияға жеткізсек, еліміздің өзінің зымырандық технологиясы болып, аталған ұйымға кірсек, онда ұйымдағы кез келген мемлекетпен бірлескен коммерциялық жоба жасай алар едік. Егер соған қолымыз жетсе, онда Байқоңыр ғарыш айлағын халықаралық ғарыштық порт деп жариялап, сөйтіп айлақты коммерциялық ашық порт жасағымыз келеді. Онда Байқоңырдың болашағы өте жарқын болар еді.


russian.spacerussian.space

— Онда бізде коммерциялық тапсырыстар көбейеді деген сөз ғой?

— Иә, дұрыс айтасыз, ол халықаралық порт тек қана коммерциялық ұшырылымдар жасау үшін. Онда бізге түрлі тапсырыстар келеді. қаншама адам келеді, туристер келеді. Біз экономикаға өте үлкен үлес қосар едік. Ал егер Байқоңыр жабылып қалса, өздеріңіз ойлаңыздар 70 мыңдай халық бар. Қасында елді-мекендер бар. Солардың халқы айлықты, жұмысты тек қана Байқоңырдан алып отыр. Ал жабылса қаншама үлкен әлеуметтік проблема туындайды.

— Жалпы Байқоңырды өзіміз ұстап тұру үшін қанша қаражат, қанша маман қажет?

— Оны ұстап тұру үшін біздің бюджет көтере алмайды. Оны басқа елдермен бірлесіп, солардың тапсырыстарын алып коммерциялық жобалар іскер асыру арқылы ғана сақтап қалуға болады. Ал коммерцияландырмасақ боюджет оны көтере алмайды.

— Қазір бізде бірнеше жоғарғы оқу орнында ғарыш саласы бойынша білім береді. Дегенмен ғарыш саласын игерген немесе оқытылып жатқан білікті мамандар жеткілікті деп айтуға бола ма?

— Біздегі ғарыш саласының мамандары құдайға шүкір, жеткілікті. Бірақ кейінгі кезде дайындалып жатқан мамандарымызға жұмыс орны жеткіліксіз. Себебі, бізде ғарыш саласымен байланысты жобаларымыз жеткіліксіз болып отыр. Жеткілікті болу үшін біз өзіміздің нәтижелерімізді сыртқа, нарыққа шығару керек. Соның бір жолы Байқоңырды халықаралық ғарыштық порт жасау. Енді жаңағы 12 жылда жасалып жатқан ғылыми әзірлемелер, сынамалар, өндірістер, сынау кешені соның бәрін биыл іске қосайық деп отырмыз.Ол өндірістердің экономикалық тиімді болу үшін біз шетелден тапсырыс алуымыз керек. Ал жаңағы жерді ғарыштан суретке түсіретін жобаларымыз тек ішкі нарыққа қызмет етпей, шетелге өз қызметімізді шығару керек. Өйткені, біздің ішкі нарығымыз көлемді емес. Ол мына шығарған шығынды, қаражатты қайтаруға жеткіліксіз. Сыртқы нарыққа, экспортқа жұмыс істейтін қылып жобалап жатырыз. Егер сол жобаларымыз іске асса , онда ғарыш саласы өзін өзі қаржыландырады деген сөз .

«KazSat» байланыс жүйесі қа­зынаға қанша кіріс түсі­рді?

— Қазір бізде ғарыш байланыс аппараттарының екеуі ұшып жүр. «KazSat-2», «KazSat-3». Олар осы 5 жыл ішінде 35 млрд теңгеге қызмет жасады. Егер бізде ондай аппараттарымыз болмаса 35 млрд. теңгені шетелдің операторларына, ғарыштық жүйелеріне төлеуге мәжбүр болар едік. Ал жерді ғарыштан түсіретін жүйеміз ол да 35 млрд. теңгеге қызмет әкеліп отыр.

— Қазақстан ғарыштық державаға айналуға аз қалды десек артық бола ма?

— Толыққанды ғарыштық держава деп айту үшін өзіміздің зымыран жасау бағытындағы ғылыми нәтижелерімізді әзірлеме жасап, өзіміз зымыран жасайтын деңгейге жеткізсек, сонда толыққанды держа деуге болады. Қазір де державамыз, біз ғарыш аппараттарын жасау, өндіру жағын толық игердік. Ал мына зымыран жасау жағына біз жетпей отырмыз. Ал оған мүмкіндік бар, потенциал бар. Тек бар мамандарды жинастырып, жұмыс істесе және тіпті шетелден құпия түрде маман алдырып істесе, 3 жылда жетуге болар еді.

— Кезінде «Протон-М» зымыран-тасығыштарының зардабы да болды, ал пайдасы туралы нақты не айта аласыз?

— Ал енді «Протон-М» зымыранының тарихы жабылып жатыр. Экологтардың протон зымыран-тасығышын жабамыз деп қатты шулағанының арқасында Ресей ол зымыранды өндіру жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп қазір ұшырылмайды. Ал ол зымыран үлкен пайда әкелетін еді өз уақытысында. Ресейдің Байқоңырды жалға алып отырғаны да сол «Протон» зымыранын ұшыруға байланысты болатын. Бұрын «Протон-М» жылына 1 млрд доллар келісім-шарттармен коммерциялық тапсырыстар әкелетін еді. Қазір ол жоқ. Ресейдің бір жағынан Қиыр Шығыстағы айлаққа кетуі де сол.

-Рахмет

yunews.kzyunews.kz
Соңғы жаңалықтар