Қазір еліміздегі мыңдаған мейрамхана мен кафе иелері келушілерге шетелден арнайы алдыртқан өнімдерді ғана ұсынады. Мысалы, экзотикалық тағамдар мен бақа-шаян, тіпті етке дейін сырттан алдыртып, келушілерді мұхит асып келген тағамдармен тойдырып жатыр. Бұған енді шектеу қойылмақшы. Өйткені мәзірдегі кейбір ас түрлері болмаса, негізгілері өзімде де өндіріледі. Мәселен көкөніс, еттің кез-келген сорты отандық кәсіпкерлер шығарып жатыр. Дегенмен шенеуніктер мейрамхана иелерін заңмен міндеттей алмайды екен.
Нұрлан Мананбаев, Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
-Мейрамханалар — жеке адамдардың бизнесі. Сондықтан, біз кәсіпкерлерге келген адамдарға мынаны беріңдер,әйтпесе жазалаймыз деп айта алмаймыз. Біз тек оларға ұсынысымызды жазып жібереміз. Ал, айыппұлжағына келсек, айтып тұрмын ғой, мұны да тиісті органдармен кеңесіп жатырмыз.