"Меккеде қазір ақшадан басқа ештеңе жоқ. Қасиеті қалмады": Періштелермен тілдескен Жанат Бақыт не естігенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Меккеде қазір ақшадан басқа ештеңе жоқ. Қасиеті қалмады": Періштелермен тілдескен Жанат Бақыт не естігенін айтты

"Меккеде қазір ақшадан басқа ештеңе жоқ. Қасиеті қалмады": Періштелермен тілдескен Жанат Бақыт не естігенін айтты

"Рухтармен, періштелермен сөйлесемін", деп регрессология атты Батыстан келген әлдебір ілімді насихаттап жүрген Жанат Бақыт Меккенің қасиетті екенін жоққа шығарды. 

  • 3 Ақпан 2023
  • 2782
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісінде оқырмандарына айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Осы жерден тыныштық табамын ғой деп дінге барсаң "Өйтпесең тозақ. Бүйтпесең тозақ!". Адам қорқа берсе, блоктары бітеліп қалып, қара энергия көбейіп кетеді. Мені дінге қарсы деп ойламай-ақ қойыңыздар. Терапияға келген қыздар періштелерінен сұрап жатыр "Меккеде не бар?" деген кезде "Меккеде қазір ақшадан басқа ештеңе жоқ. Қадір қасиеті қалмады. Бір кездері қадірлі болған. Ақ болған. Қазір бизнестің иісі шығады. Тек ақша ғана бар ол жерде. "Сетевой" сияқты. Сетевой секта басқа ештеңе жоқ ол жерде" деген. Вот, пожалуйста. Қай жерге барып жатырсыздар?!", — дейді ол.

Еске салайық, қайтыс болған туыстарыңның рухтарымен тілдестіріп беретін регрессолог маманмен сұхбатты жариялаған болатынбыз. Көпшіліктің қызу талқылап, түрлі пірірлерін білдірді.

"Қайтыс болған жақындарыңыздың рухымен тілдесе аласыз": Елімізде тылсым күштермен байланысты Батыстан келген тағы бір әдіс дендеп барады

Айтуынша, бұл ілім адамның өзін-өзі тануына жәрдемдеседі. Біз қазір жаңа дәуірге өтіп жатырмыз-мыс. Ол дәуірдің аты — суқұйғыш деп аталады екен. "Жаңа дәуірде адамдар космоспен байланысуды еркін меңгеріп, періштелерімен, инопланетарлықтармен тілдесе алатын болады", дейді регроссологтар.


Жанат Бақыттың өзі періштелермен айтқан әңгімесін желіде ұдайы жария етіп отырады. Ал, бұл әрекетінен жақындары шошып, "Сені жын сөйлетіп жүр ме?" деп айыптайтын көрінеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар