Мексикада студенттер полициямен қақтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мексикада студенттер полициямен қақтығысты

Мексикада студенттер полициямен қақтығысты

Мексика астанасында да ереуілге шыққандар мен полиция арасында қақтығыс болды. Бұған осыдан екі ай бұрынғы 43 студенттің ұрлануы себеп. Сол қылмыскерлерді тез арада табуды талап еткен наразы топ алдымен Мехико әуежайы терминалдарының бірін және басты магистральды қоршауға алды.

  • 22 Қараша 2014
  • 230
Фото - Caravan.kz


Ереуілшілер тәртіп сақшыларына тас атып, жарылғыш құйылған бөтелкелер лақтырған. Тәртіп бұзды деген айыппен бірнеше адам тұтқындалды. Шеруге қатысу үшін елдің әр аймағынан жүздеген адам жиналыпты. Мексикада наразылық шаралары бір аптадан бері жалғасуда. Жұрт Игуаль қаласында ереуілге шығып, соңынан хабарсыз кеткен студенттердің жайына көпшілік алаңдаулы. Жастарды өлтіріп тастады деген де күдік бар.