Мектеп директоры онда қарауыл болу үшін нашақорлардың тілін білу керектігін айтқан - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектеп директоры онда қарауыл болу үшін нашақорлардың тілін білу керектігін айтқан

Мектеп директоры онда қарауыл болу үшін нашақорлардың тілін білу керектігін айтқан

Кезінде Қарақалпақстанда тәуір қызмет атқарып, қазір Шымкентте көшеде ән салып, нәпақа тауып жүрген азамат туралы бейнесюжет әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Автордың айтуынша, Әділхан Базарбаев өзге елде жүргенде адвокат болыпты. Тіпті республикалық «Әмудария» журналы мен жергілікті «Нөкіс ақиқаты», «Қарақалпақстан жастары» газеттерінде әңгімелері мен танымдық мақалалары жиі жарияланып тұрған екен.

  • 22 Тамыз 2017
  • 1453
Фото - Caravan.kz

Бүгінде жасы алпысқа таяп қалған Әдекең атамекеніне келіп, көшеде ән айта бастаған. Жұмыссыз жүрген ол мұндай күйге жасы ұлғайып қалғандықтан ғана түспепті. Яғни ол тағдыр тауқіметіне ұшыраған, деп хабарлайды "Замана" тілшісі.

"Параның кесірінен заң университетіне түсе алмадым. Сол кезде парамен бітіргендер қазір судья, прокурор болып отыр. Басында дым жоқ. Құжат алмасам да, сол Қарақалпақстанда адвокат болдым. Қызым сол жерде институтқа келісім-шартпен түсіп еді. Ректоры қазақ жігіт екен. Оған "Төлейтіндей жағдайым жоқ. Тегін оқуға ауыстыра алмайсың ба?" деп едім, ол "Бұл менің қолымда емес" деді. Содан кейін үйді сатуға мәжбүр болдым. Әйелім 2002 жылы қайтыс болған. Бір байдан екінші байға тиіп жүрген балдызым бар еді. Соған "Үйді сатып, саған келейін. Екеуміз қосылайық" деп айттым. "Жақсы, үйді сатып кел" деді. Үй сатылған соң бір аптадан кейін ұлым мен қызыма: «әкелерің бұл үйде тұрмайды» деп шатақ шығарды. Сосын қызымның оқуына төлеп қойған ақшаны қайтып алып, Қазақстанға келіп қалдым. Мұнда мектептерге, ауруханаларға бардым. Сонда мені бір мектеп директорының айтқаны таң қалдырды. "Мектепте қарауыл болып істеу үшін нашақорлардың тілін білу керек" деді. Мұны не үшін айтқанын түсінбедім. Бәлкім, мектепке кешке нашақорлар жиналатын шығар" дейді Ә.Базарбаев.


Ол бұдан кейін біраз жерде жұмыс істеп, бірақ ақшасын ала алмай қалған. Ал базарда отырып ән айтқаны үшін ондағылар ай сайын 7000 теңге талап етеді екен.

"Алматыда жақсы түседі, Шымкентте онша емес. Шымкентте 2 мыңды зорға табасың. Алматыда екі ай жүріп ән айттым. Ол жақта орташа 4 мыңдай түседі. Оның бір мыңы квартираңа, тамағыңа кетеді. Үш мыңы артылады" дейді бейнесюжет кейіпкері.       

   

Соңғы жаңалықтар