Мектепте ұлдар мен қыздарды бөліп оқыту үлкен нәтиже берді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектепте ұлдар мен қыздарды бөліп оқыту үлкен нәтиже берді

Мектепте ұлдар мен қыздарды бөліп оқыту үлкен нәтиже берді

Бийск қаласындағы (Алтай өңірі) мектептердің бірінде екі жылға созылған ұлдар мен қыздарды бөліп оқыту тәжірибесі үлкен нәтиже берді.

  • 25 Сәуiр 2018
  • 457
Фото - Caravan.kz

Тәжірибе нәтижесі бойынша екі сыныпта да сабақ үлгерімі жақсарды. Егер аралас сыныптарда «төрт» және «беске» оқитындар саны орташа есеппен 50 пайыздан аспаса, жекеленген сыныпта қыздардың үлгерімі 89 пайызды, ал ұлдардың үлгерімі 65 пайызды көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Блокнот сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, сабақ барысында жекеленген сыныпта барлық оқушылар оқу процесіне араласады. Ал, аралас сыныпта бұл көрсеткіш тек 40 пайызды құрайды.

«Психологтар бұл жетістікті ұлдар мен қыздарға түсінікті тілде сабақтың өтуімен байланыстырып отыр. Көйлектер мен машинаға қатысты тапсырмалар жекеленген сыныпта тезірек шешіледі. Қыздар әшекейлерді, ойыншықтарды, гүлдерді талқыласа, ұлдар роботтарды, спорт, көлікті және өзге де қызықты тақырыптарын әңгіме өзегіне айналдырады», — делінген жариялымда.

Бұдан басқа, жекеленген сыныптарда жынысына қарай өзара бәсекелестік болмайды. Аралас сыныптарда ұлдар өзіне назар аудару үшін қыздардың мазасын алады, ал қыздарымыз «тәлпіштеніп» кетеді. Бұл оларды алаңдатып, оқуға назар аударуына кедергі келтіреді.

Психолог Любовь Пивоварова атап өткендей, қыздар ұлдарға қарағанда пәнге бірден кіріп кете алмайды, алайда ұлдар сияқты олардың қызығушылығы жылдам төмендемейді.


Ал, балаларды бөліп оқыту оларды әлеуметтендіруге кедергі келтіреді деген тұжымдаманы мамандар аңыз деп отыр. Балалар бәрібір бірге жүреді, әлеуметтік желілерде, көшеде және басқа да жағдайларда араласып тұрады.

«Тәжірибені сегізінші сыныпқа дейін ұзарту туралы шешім қабылданды», — деп жазады басылым.

Оқи отырыңыз:

Луи Вьютон бренді алматылық барахолканың үстінен шағым түсірді

Есболат Беделхан Black Dial тобынан кеткен рэперлерден 96 миллион теңге талап етті

 

 

 

Соңғы жаңалықтар