Мемлекет басшысы бірқатар ведомстволардың жауапты хатшыларын қызметтерінен босатты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы бірқатар ведомстволардың жауапты хатшыларын қызметтерінен босатты

Мемлекет басшысы бірқатар ведомстволардың жауапты хатшыларын қызметтерінен босатты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР бірқатар ведомстволарының жауапты хатшыларын қызметтерінен босатты, деп хабарлады Ақорданың сайты.

  • 14 Тамыз 2014
  • 715
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Серікбол Рахымқанұлы Мусинов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Замир Садықұлы Сағынов Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Анатолий Григорьевич Дерновой Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Арыстан Кенжетайұлы Қабыкенов Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Бек Кәрімбекұлы Арпабаев Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Нұрлан Әбітқанұлы Әбді Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) жауапты хатшысы қызметінен;

Төлеген Төлеуханұлы Ысмайылов Қазақстан Республикасы Дін істері  агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Бақытбек Зүбайраұлы Иманәлиев Қазақстан Республикасы Статистика  агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен;


Қарлығаш Ғазизқызы Кәкен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Рүстем Нұрланұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу  агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Жанат Мұратұлы Қожахметов Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Ерғазы Мейірғалиұлы Нұрғалиев Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;

басқа жұмысқа ауысуына байланысты Дәулет Еділұлы Ерғожин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.