Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банк президенті Роберт Зелликті қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банк президенті Роберт Зелликті қабылдады

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банк президенті Роберт Зелликті қабылдады

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік банк президенті Роберт Зелликті қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 18 Маусым 2008
  • 525
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кездесуде Дүниежүзілік банк пен біздің еліміздің бірлескен жобалары талқыланған. Мемлекет басшысы Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғаннан бергі кезеңдегі Дүниежүзілік банктің айрықша рөлін атап көрсетті.

«Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық әрқашан жоғарғы деңгейде болған. Екі жақты қатынастар басталғалы бері біз қаржылық жүйе, мемлекеттік басқару, әлеуметтік сала үшін жалпы көлемі 2 млрд АҚШ долларынан асатын 24 қарыз алдық», — деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті