Мемлекет басшысы Eurasian Natural Resources Corpоration басшылары мен акционерлерін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Eurasian Natural Resources Corpоration басшылары мен акционерлерін қабылдады

Мемлекет басшысы Eurasian Natural Resources Corpоration басшылары мен акционерлерін қабылдады

Астана. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Eurasian Natural Resources Corpоration-ның басшылары мен акционерлерін қабылдады, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Желтоқсан 2007
  • 509
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында ENRC директорлар кеңесінің төрағасы Дэвид Кукси Президентке компания акцияларын Лондон қор биржасына орналастыруға қатысты қаржылық операциясының алғашқы нәтижелері жөнінде баяндады. Атап айтқанда, алғашқы күні акцияның сатылуынан үш миллиард доллар қаржы түскен.

«Біз бұл оқиғаны ерекше қуанышпен қарсы алдық. Қазақстандық тағы бір компанияның әлемдік нарыққа шығуы ел экономикасына аса маңызды. Бұл біздің қазақстандық компаниялардың ашықтығын арттыруға бағытталған жұмысымызға сай келеді, — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Eurasian Natural Resources Corpоration 2007 жылы Лондон қор биржасының листингына қойылған ең ірі компания болып отыр. Компания әлемдік инвесторлар тарапынан тартымды бағаға ие болуда.

«Кешегі күнгі компания акциясын сатудан түскен үш миллиард доллар толығымен компанияның қызметін Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар келешекте әлемдік қаржылық аренада да кеңейтуге және оның ұстанымын нығайтуға жұмсалатын болады», — деді Дэвид Кукси журналистерге берген брифингте.

Соңғы он жыл ішінде ENRC акциялары Лондон қор биржасына қойылған әлемдік металлургия саласындағы екінші ірі корпорация болып отыр.

«Кредит Суисс Банк»-тің металлургия мен тау-кен өндірісі жөніндегі басқарушы директоры Джереми Флетчердің пікірінше ENRC 2008 жылдың наурыз айында-ақ Лондон қор биржасының негізін құрайтын аса ірі 100 компанияның тізіміне кірмек.

«Қазақстан халқы өте сәтті жүргізілген қаржылық операциямен мақтана алады. Өйткені бұл операция әлемдік қаржылық және биржалық нарықтағы қиындықтар аясында өтті. Соңғы екі айдың ішінде 28 компания листинг алуға үміттенген болатын, солардың тек сегізі ғана өздерінің акцияларын табысты жүзеге асыра алды. Бүгінгі күні биржалық инвесторлар қайда, қандай компанияға ақша салып, акцияларын сатып алу мәселесіне өте сақтықпен қарайды. Кеше өткізілген қаржылық операция ENRC-ның әлемде сенімге ие екендігін дәлелдеп берді. Бұл компанияның болашағы зор», — деп атап өтті журналистерге берген брифингте Джереми Флетчер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті