«Президент Нұрсұлтан Назарбаев Атырау — Санкт-Петербург — Канны — Париж бағыты бойынша 8 күндік сапарын аяқтап, кеше таңертең Астанаға ұшып келді. Сол күні өзінің алғашқы мерейтойын тойлауға қаланың дайындығын тексеру мақсатында Астананы аралап қайтты», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы елорданың көшелері, алаңдары мен саябақтарының, «Қазақ елі» монументінің көгалдандырылу барысын, Есіл өзеніндегі көпір құрылысын және қала ифрақұрылымының басқа да нысандарын аралады.
Сапар барысында Н. Назарбаев Астана қалысының әкімі И. Тасмағамбетовке нақты тапсырмалар берді, деп көрсетілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті