Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, заңға өзгертулер оны жаңартылған Конституцияға сәйкестендіру үшін қажет болған.
Президент сондай-ақ, «Биологиялық әртүрлілік жөніндегі конвенцияға қосымша биоқауіпсіздік жөніндегі Картахена хаттамасы» мен «Қылмыстық сот ісіне қатысушыларды қорғау жөніндегі келісім» халықаралық құжаттарын бекітетін заңдарға қол қойды, деп атап көрсетілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті