Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының сыртқы істер министрін қабылдады
Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспсөз қызметіне сілтеме жасап. |
Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, атап айтқанда энергетика және ғарыш саласындағы қарым-қатынасты дамытудың перспективасы талқыланды.
Сондай-ақ ТМД, ЕурАзЭҚ аясындағы өзара іс-қимыл, Біртұтас кедендік одақ құру мәселелері бойынша пікір алмасулар болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін