«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 10-11 маусымда ресми сапармен Францияға барады «, — деді Е. Ашықбаев.
Оның айтуынша, сапар аясында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойып, «Қазақстан — Франция» бизнес-форумын өткізу жоспарланған.
«Президенттің Францияға сапары екі елдің мемлекет басшылары уағдаласқанындай, Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестіктің өсе түскенінің айғағы. Тиісті декларацияға 2008 жылдың 8 ақпанында Франция үкімет басшысы Франсуа Фийонның Қазақстанға сапары кезінде қол қойылған», -деді СІМ өкілі.
«Декларацияға қол қойылғаннан кейін болған барлық Қазақстан мен Франция арасындағы ресми байланыстар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің рухын нақты мазмұнмей байытуға бағытталды», — деді Е. Ашықбаев.
Президенттің алдағы сапары «Францияның Еуропа құрлығындағы Қазақстанның бір шешуші серіктесі екенін көрсетеді»,- деді елші. «Сонымен бірге Қазақстан президентінің сапары Франция үшін Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы стратегиялық маңызын атап көрсетуге бағытталады», -деді СІМ өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті