Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында жасалған 20 жемқорлық қылмыс анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында жасалған 20 жемқорлық қылмыс анықталды

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында жасалған 20 жемқорлық қылмыс анықталды

Павлодар қаржы полициясы мемлекеттік бағдарламаларды орындау барысында тоғыз айдың ішінде 20 жемқорлыққа қатысты қылмыс орын алғандығын анықтады,

  • 25 Қазан 2013
  • 525
Фото - Caravan.kz

 деп хабарлады экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен.

Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасының мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша жекеменшік кәсіпкерден көпқабатты тұрғын үйді қымбаттатылған бағаға сатып алған деген күдік келтіріліп отыр. Мемлекетке 9 млн. теңгеден артық залал келтірілді.

Баянауыл ауданында да құрылыс бөлімінің басшысы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде шамамен 150 млн. теңгенің материалдық құндылықтарын жымқырған.

Қаржы полициясының департаменті «Павлодар» ӘКК ҰҚ» АҚ компаниясының еншісіндегі «Ертіс-Өркені» ЖШС бас директорына қатысты істі тергеп жатыр. Ол өзінің қызметін асыра пайдаланған деген күдікке алынып отыр. Павлодар облысының тұрақтандыру қорының тауарларын тасу үшін жоғары бағамен «Газель-бизнес» маркалы бес автокөлік алып, АҚ-ға 2 млн. теңгеден артық шығын келтірген.

Сонымен қатар, осы акционерлік қоғамның лауазымдық тұлғаларына қатысты да қылмыстық істер қозғалды. Олар қазан айында ер-тоқым жасайтын тартқыштар мен бес рефрижератор сатып алу кезінде бюджет қаржысын қолды етіп, шамамен 25 млн. теңге залал келтірген.