Жарияланды: 100

Мемлекеттік тілді дамыту қоры қазақ тілін үйренуге көмектесетін жаңа жобалармен таныстырды

Мемлекеттік тілді дамыту қоры қазақ тілін үйренуге көмектесетін жаңа жобалармен таныстырды

2019 жылдың 25 ақпанында ҚР АКМ Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры қазақ тілін үйренуге көмектесетін жаңа жобаларымен таныстырды.

Бұл «Soyle.kz» онлайн-курсының ағылшынша және латын графикасындағы нұсқасы, Android пен iOs платформаларындағы «Balasoyle» мобильді қосымшасы, «Ұлы дала аңыздары» («Легенды великой степи») веб-графикалық романдар сериясы, қазақ тілін үйренуге арналған Soyletube видеожобасы.

Шараға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры Мирас Іргебаев және Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев қатысты.

Ерекше назар аударатын жоба - «Soyle.kz» онлайн-курсының ағылшынша және латын графикасындағы нұсқасы. Егер де бұған дейін қазақ тілін үйрену мүмкіндігін тек орыстілді қолданушылар пайдаланса, енді портал материалдары шетелдегі этникалық қазақтар мен ағылшын тілді шетелдіктерге қолжетімді. Оған қоса портал арқылы қазақстандықтар латын графикасын да үйрене алады.

Қазір «Soyle» порталында 115 мыңнан астам адам тіл үйренуде, ашылғалы Қазақстан және шетелдерден 5 миллионнан астам қолданушы ресурсты пайдаланған, әлеуметтік желілердің көмегімен күнделікті 30 мың адам қазақ тілін үйренеді. Бұл күнгедейін «Soyle» мобильді қосымшасын 50 мың пайдаланушы жүктеген. 2016 жылданбастап «Soyle.kz» әдістемесі бойынша Skype арқылы қазақ тілін оқыту сабақтары тегін жүргізіліп келеді. «Астана» радиосында аптасына үш рет қазақ тілін үйрету бағдарламасы жіргізіледі.

«Balasoyle» мобильді қосымшасы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларғақ азақ тілін ойындар арқылы үйретеді. Жоба балалардың дұрыс сөйлеуіне, сөздік қорын дамытуға ықпал етеді, сондай-аққоршаған орта туралы білімдерін жетілдіреді. Bala.soyle.kz балалар порталын күнделікті біржарым мың адам пайдаланады.

«Ұлы дала аңыздары» жобасы ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткен қазақ халқының арихы мен аңыздары туралы сыр шертетін «Ұлы махаббат туралы жеті хикая» және «Қазақ жерінің ұлы батырлары» деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Аңыздар мазмұны Қазақстанның киелі орындарының тарихы мен астасып жатыр, әңгімелер арқауы көпшілікке киелі жерлер туралы толығырақ мәлімет алуға мүмкіндік береді.

«Samruk-KazynaTrust» Қоры әлеуметтік және тіл жобаларын, атап айтқанда, қазақ тілін үйренуге бағытталған «Soyle.kz» жобасын қолдау жұмыстарын жалғастыра бермек. Онлайн-жобаның көмегімен көптеген ғаламтор қолданушылары мемлекеттік тілді тегін үйренуге мүмкіндік алды», - деп атап өтті «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры Мирас Іргебаев.

Мемлекеттік тілді дамыту қоры осы шара барысындаYoutube желісіне орналастырылған бірегей бейне сабақтар топтамасымен таныстырды. Бейнесабақтар қазақ тілінде дұрыс сөйлеуді жетілдіруге бағытталған және күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын сұхбаттар түрінде түсірілген. Сабақтардың мазмұны мен материалдардың жеткізілу әдісі жаңадан тіл үйрене бастаған тыңдаушылардың да, тілді меңгеріп алғандардың да қызығушылығын арттырмақ. Қазіргі уақытта «Soyletube» Youtube-каналына 7 бейнеролик жүктелді.

Бұл аталған жобалар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры және «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылды

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін