«Мен қазақ қызымын. Өзім де ашық-шашық киініп жүретін фильмдерді ұнатпаймын» – Самал Есләмова - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мен қазақ қызымын. Өзім де ашық-шашық киініп жүретін фильмдерді ұнатпаймын» – Самал Есләмова

«Мен қазақ қызымын. Өзім де ашық-шашық киініп жүретін фильмдерді ұнатпаймын» – Самал Есләмова

Актриса Самал Есләмова режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінде басты рөлді сомдап, 71-ші Канн фестивалінде «ең үздік әйел рөлі» номинациясын иеленгені белгілі. Ол Астанаға келіп, журналистермен сұхбаттасты.

  • 23 Мамыр 2018
  • 746
Фото - Caravan.kz

«Еліме, халқыма ризашылығымды білдіремін. Бірнеше күннен бері толассыз құттықтаулар түсіп жатыр. Халқымның ықыласын сезіп жатырмын, мың да бір рахмет», –  деп сөз бастаған Самал Есләмова өз өмірі және кино жайлы журналисттерге қысқаша айтып берді.

«Мен өзім Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылында тудым. 11 жыл бойы қазақ мектебінде білім алдым. Анам орыс тілді болғандықтан, мені орыс мектебіне бергісі келді. Бірақ мен алты жаста болсам да, қазақ мектебіне барамын деп бой бермедім. Әкем «өзім көмектесемін, қазақ мектебіне бара берсін» деді. Мектепті тәмамдаған соң Петропавлдағы өнер колледжіне оқуға түстім. Оқып жүріп, қазақ театрында қосымша жұмыс істедім. Кейін Сергей Дворцевойдің алғашқы кастингі болды. Осылайша, жұмыс істеп жүріп, «Тюльпан» көркем фильміне түсе бастадым. Колледжен кейін Мәскеудегі өнер университетіне оқуға түстім. Оқуды аяқтаған соң, Сергей Владимирович мені екінші картинасына шақырды.

Мен ешқашан актер болуды армандаған емеспін, арманым – журналист болу еді. Алайда, бәлкім бұйрық шығар. Өнер колледжіне түскеннен кейін бұл кәсіп маған қатты ұнап қалды. Сондықтан да болашақта тек қызықты рөлдерді сомдасам деген арманым бар.

Ең қатты тебіренткені – соңғы эпизод. «Айка» картинасында менің кейіпкерім жаңа туған сәбиін тастап кетеді, кейін аналық сезімі оянып, баланы өзінде қалдырғысы келеді. Менің әзірге отбасым, балаларым жоқ, сондықтан бұл фильмде ананың рөлін сомдау оңай болмады.

Әлеуметтік желіні ұнатпаймын, себебі жақын адамдарыммен жүзбе-жүз кездесіп, сөйлескенді қалаймын. Инстаграмға ешқашан тіркелген емеспін  ешқашан, тек фейсбукте ғана бармын.


Развод Надера и Симин» атты ирандық фильм қатты ұнайды.  Менің де әр рөлін сүйіп тамашалайтын сүйікті актерлерім бар.

Әрине, мен қазақ қызымын. Өзім де ашық-шашық киініп жүретін фильмдерді ұнатпаймын. Алайда егер фильмнің шынайы шыққанын қаласаң, образды алып шығу керек болса, шектен шықпай ойнап шығуың керек», – дейді актриса.

                                                                                                                                      Ақпарат көзі:  arasha.kz

 

Оқи отырыңыз:

Тәжікстанның дінбасылары Рогун ГЭС-інің жұмысшыларына ораза ұстамауға рұқсат берді 

Елiмiзде 41 градус ыстық болады – Министр өрт қаупi жоғары екенiн айтты 

Павлодарда кір жуатын машина өртеніп, үш адам ауруханаға жеткізілді
 

Соңғы жаңалықтар