"Мен түрмеден шыққанда үйіне бірінші шақырып шай берген Тоқаев" – Жақсыбек Құлекеев - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен түрмеден шыққанда үйіне бірінші шақырып шай берген Тоқаев" – Жақсыбек Құлекеев

"Мен түрмеден шыққанда үйіне бірінші шақырып шай берген Тоқаев" – Жақсыбек Құлекеев

Президент Тоқаевтің адамгершілігі жайлы қызықты естелік айтылды. Ол сотталып келген экс министрді үйіне қонақ қылып, ұзақ әңгімелескен екен.  

  • 17 Мамыр 2022
  • 923
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бұрынғы Экономика және сауда, Білім және ғылым министрі Жақсыбек Құлекеев «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мен түрмеден шығып келген уақытта қазақ болған соң, әрине, жақын туыстарым, айналам шақырып шай беріп жатты. Ал бұрынғы қызметтес болғандардың ішінде үйіне шақырып бірінші шай берген азамат – Қасым-Жомарт Кемелұлы. Ол кезде Тоқаев Сенат төрағасы болатын. Түрмеден шығып келген мені үйіне шақырып дастархан жайды. Екеуміз кешкі сағат 6-дан түнгі 2-3 ке дейін ұзақ отырып әңгімелестік. Содан кейін мемлекет мәселелері, қабылданып жатқан шешімдер бойынша пікірімді сұрады. Сосын кетіп бара жатқанымда маған «Жәке, осы айтқандарымды маған жазып берші» деді. Сосын екі-үш күн отырып 20-30 парақ қағаз жазып бердім. Анда-санда шақырып тұрады. «Сенің жазғандарыңды әлі тастамай оқып жүрмін» деп айтады. Ол, әрине, менің көңілімді аулап айтқан болуы мүмкін. Дегенмен де ондай нәрселер маған қуат беріп жүрді десем артық айтқандық емес», – деп пікір білдірді экономист.

Еске сала кетсек, Жақсыбек Құлекеев «Қазақстан темір жолы» компаниясын басқарған тұста, яғни 2008 жылд ірі көлемде пара алды деген айыппен қамауға алынған болатын. Қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.


 

Соңғы жаңалықтар