«Мені мәжбүрлеп депутат етті»: Сапарәлі Селтанов сөзінен айнып, «Нұр Отаннан» кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мені мәжбүрлеп депутат етті»: Сапарәлі Селтанов сөзінен айнып, «Нұр Отаннан» кешірім сұрады

«Мені мәжбүрлеп депутат етті»: Сапарәлі Селтанов сөзінен айнып, «Нұр Отаннан» кешірім сұрады

ОҚО Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты Сапарәлі Селтановқа «Нұр Отан» партиясы саяси бюросы ескерту жасады.

  • 28 Наурыз 2018
  • 111
Фото - Caravan.kz

Осыдан бірнеше күн бұрын зорланды деген 7 жасар баланың ісіне қатысты Today.kz порталына сұхбат берген Селтанов партияның атына кір келтірген көрінеді.

Атап айтар болсақ, сол сұхбат кезінде мәслихат депутаты өзін бұл лауазымға еркінен тыс сайланғанын мәлімдепті.

"2016 жылы халық мені өз еркімнен тыс депутат етіп сайлап алды, мен осымен 7-ші жыл зейнеттегі адаммын", — депті Сапарәлі Селтанов тілшіге берген сұхбатында.

Алайда, партияның саяси бюросының алдында жауап берген депутат өзінің сөзінің бұрмаланғанын айтып отыр. Сұхбат орыс тілінде жүргендіктен журналист менің орысшамды дұрыс түсінбеген дейді ол. Бірақ, десе де Селтанов болған жайтқа өкінетінін айтып, партиялықтардан кешірім сұрады.

Еске салайық, депутат Сапарәлі Селтановтың келіні 7 жасар бала зорланды делінген Абай ауылындағы мектептердің бірінде директор. Зәбір көрдім деген баланың айтуынша, өзін "зорлаған" жоғары сынып оқушылары дәл сол Селтанова басқаратын мектепте оқиды екен. Ал, баланы алғашқы медициналық сараптамадан өткізген ауруханада Сапарәлі Селтановтың ұлы хирург болып жұмыс істейді. Депутаттың тағы бір ұлы облыстық ІІД-де басшылық қызметте.

Оқи отырыңыз:

Бәлиева ОҚО-лық 7 жасар баланың жағдайын айтып берді

ОҚО-да зорланды делінген баланың ісіне қатысты шенеуніктер жұмыстан қуылды

Сарыағаштық 7 жасар бала оқиғасы. Бір апталық шолу

 

Соңғы жаңалықтар