«Менің орныма кірген шығар?» Желіде бірнеше сайлау учаскесіне әр түрлі киіммен барып, дауыс бергендердің видеосы тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Менің орныма кірген шығар?» Желіде бірнеше сайлау учаскесіне әр түрлі киіммен барып, дауыс бергендердің видеосы тарады

«Менің орныма кірген шығар?» Желіде бірнеше сайлау учаскесіне әр түрлі киіммен барып, дауыс бергендердің видеосы тарады

Желіде бірнеше сайлау учаскесіне түрлі киіммен барып, дауыс беріп жатқандардың видеосы тарады.

  • 20 Наурыз 2023
  • 26
Фото - Caravan.kz

Оқырмандар мұндай заң бұзушылық қалай орын алып жатқанын білмей, аң-таң деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Мәселен, Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Жандосов округінде осындай жағдай болған. Бойжеткен бірнеше сайлау учаскесін аралап жүріп дауыс берген. Өзінің қылығы әшкере болған кезде қызарақтап, жауаптан сытылуға тырысты. Ақыр соңында заңсыз әрекетін видеодан дәлелдеген жігіттерге өзі тиісе бастаған.

Желі қолданушылары "Жаңа Қазақстандағы ескі әдіс", "Бұл қыз жауапқа тартылсын" деген сынды талаптар қойып жатыр.

Дәл осындай Instagram желісіндегі тағы бір парақшада пайда болды. Онда әйел адамның бірнеше сайлау учаскесіне барып, дауыс бергені туралы айтылады.


Ал бейнежазба авторы «Жаңа Қазақстанда "ұрылар мен жалдамалылар" жауапқа тартылсын!» деген қысқа жазба қалдырған.

Желі қолданушылары да дәл осындай пікірде екенін айтып, түрлі пікір жазған.

Соңғы жаңалықтар