“Менің жетістектерім үшін құнын төлеп жатқан қыз осы шығар”: Сара Амангелдінің анасы оның жағдайы туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Менің жетістектерім үшін құнын төлеп жатқан қыз осы шығар”: Сара Амангелдінің анасы оның жағдайы туралы айтты

“Менің жетістектерім үшін құнын төлеп жатқан қыз осы шығар”: Сара Амангелдінің анасы оның жағдайы туралы айтты

Танымал әнші, актриса Сара Амангелді көп көзіне түспегелі біраз уақыт болды. Жақында үй алып, қоныс тойын жасаған өнер иесі әлеуметтік желіден кеткенін анасы растады.

  • 8 Желтоқсан 2023
  • 6083
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталв Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Продюсер Сара Амангелдіні іздеп жатқан оқырмандарына алғыс айтты.

“Маған қойылған сұрақтың дені – Сараны іздегендер. Ол бала күнінен дүние қуған бала емес. Әзірге әлеуметтік желіден бас тартты. Жанын емдеп жатыр. Қазір адамдар өте қатыгез ғой, жанын емдеп жатыр. Олармен күресетін Сарада иммунитет жоқ. Менің жетістектерім үшін құнын төлеп жатқан қыз осы шығар?!. Маған оның басының амандығы ғана керек”, – деп жауап берді әнші.

Желі қолданушылардың бірі “Үш қызыңызбен бірге тұрасыз ба?” деген сұрағына: “Үшеуімен де тұрмаймын. Дана – Астанада, Сара – өз пәтерінде, Ғайникамал – Испанияда. Үйде атасы мен Айла ғана бар” деп жауап берді.

Сондай-ақ, продюсер “Келінжан” сериалының жалғасы түсірілмейтінін айтты. "Өмірімнің ең бір маңызды кезеңінде дүниеге келген "Келінжанның" миссиясы аяқталды. Сарадан басқасына "еншісін" беріп, дүниесін төлеп, атағын да, ақшасын да ұстатып, қоштастым. Ешкімнің ақысы қалған жоқ деп ойлаймын. Енді ондай жоба бола ма, жоқ па оны да білмеймін… "Келінжан" жүрегімде мәңгі қалады", – деп жауап берді.

Еске салайық, әнші жақында отандық “Жар-жар” фильмінде басты рөлді сомдап, әнші Тұрар Ыдырыспен танысқан болатын.