Мерекеңмен, бөпе: Күйеуін Балаларды қорғау күнімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мерекеңмен, бөпе: Күйеуін Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Мерекеңмен, бөпе: Күйеуін Балаларды қорғау күнімен құттықтады

КТА ойыншысы Мереке әзілдеймін деп жұрттан сөз естіп қалды. Ол өзінен 7 жас кіші күйеуін Балаларды қорғау күнімен құттықтаған.

  • 1 Маусым 2018
  • 357
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

КТА ойыншысы Мереке Бауыржанқызы Instagram парақшасында күйеуі Арсен Ақиевпен бірге түскен суретін жариялап, оны мерекемен құттықтады.

«Мерекеңмен, бөпе. 1 маусым – Балаларды қорғау күні. Бүлдіршіндеріміз аман болсын», – деп жазды Мереке.

Өз кезегінде желі қолданушыларының дені Мерекенің әзілі орынсыз болғанын айтып, сынап тастады.

«Қалжыңның да реті бар ғой, қойсаңшы болды», «Мереке, халық не айтпайды. Бөпе дей ме, басқа дей ме, мейлі, айта берсін. Сен олай айтпа. Ер азаматым деп, қайта өзіңнен жоғары сана», «Ойнап айтсаң да олай айтпа. Біреу түсінеді, біреу түсінбейді. Бөпе болса не үшін тидің?» – деп жазды желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Қоғамдық ұйымдар Зағипа Балиеваны "Асыл ана" деп атауды ұсынды

Қазақстан Қытайға астықты жеткізу көлемін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтуы мүмкін

Алматыда ірі жол апатынан үш адам зардап шекті

 

 

 

Соңғы жаңалықтар