Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзовамен болған кикілжеңнен кейін қиыншылыққа тап болған - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзовамен болған кикілжеңнен кейін қиыншылыққа тап болған

Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзовамен болған кикілжеңнен кейін қиыншылыққа тап болған

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева соңғы уақытта қиыншылықтарға тап болып жүрген көрінеді. Өзінің айтуынша, бұған танымал продюсер Баян Алагөзованың қатысы бар болуы мүмкін.

  • 15 Мамыр 2018
  • 322
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында әнші "Сөккен әңгіме" интернет-жобасында әңгімелеп берді.

Баян Алагөзованың түсірген «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» телесериалын сынға алғаннан бері әншінің аяғынан шалушылар пайда болыпты. Тіптен қорқытқандар да табылған. Мәселен, жақында ғана Меруерт Түсіпбаеваны «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында көрсетілетін концерттен қиып алып тастаған болатын.

«Мені қорқытқандар да болды. "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" телесериалының бас рөлін сомдайтын қыз Алматы облысы әкімі орынбасарының қызы екен. Сол үшін де маған "Бұл тақырыпты жап, опық жейсің" деп орысша жазғандар болды. Ұлттық арнадағы концерттен қиып тастағанда Мөлдір Әуелбекованың да осы апалы-сіңлілермен болған кикілжіңнен кейін осындай жағдайға тап болғанын білдім. Сол туралы сұхбатын оқығанда "енді мені Ұлттық арна көрсетпейді-ау" деген ойға келген болатынмын. Бірақ мен Мөлдір сияқты жылап, үндемей қалатын адам емеспін. Онда шығынын қайтарыңыздар деп әлеуметтік желіге жаздым», – дейді әнші. 

Меруерттің айтуынша, бұрын-соңды өзін эфирге шығармай қою, концерттен алып тастау секілді жағдайлар бұрын болмаған екен. Бірақ, әнші Баянмен болған сол кикілжеңнен кейін қанша қиындықтарға жолығып жүрсе де, апалы-сіңілі Мұхитденоваларға еш ренжімейтінін жеткізді.

Айта кетсек, Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзованың түсірген «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» телесериалын сынға алып, оған кеткен қаражатты халыққа қайтаруды талап еткен болатын.

Оқи отырыңыз:

Әбдіжаппар Әлқожа: Мен Қайрат сияқты әйелімді, балаларымды елге әшкере қылмаймын 

Павлодарда 5,5 миллион теңгеге салынған дәретхана жұмыс істемей тұр 

Гүлзира Айдарбекова: Концертте сыйлық алмаған немерем еңіреп тұрып жылады
 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар