Жарияланды: 320

М.Есенбаев «Достық» кеден бекетінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды

ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев жақында жұмыс сапарымен «Достық» кеден бекетінде болды.

Сапар барысында комитет төрағасы «Достық» кеденшілер ұжымына жаңа басшы Нұрлан Әзімбаевты таныстырды. Ол бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Майқапшағай» кеден бекетінің бастығы қызметін атқарған болатын. Бұдан бөлек, кеден ұжымымен кездесу барысында Комитет төрағасы М. Есенбаев «Достық» стансасын дамыту перспективаларын, шекарадағы кедендік бақылау барысында туындайтын мәселелерді де талқылады. Сонымен қатар, жиын барысында Қытай Халық Республикасынан Еуропаға жөнелтілетін пойыз контейнерлерін өткізу жылдамдығы бойынша «Достық» кеденінің жұмысы оң бағаланды. Тоқтала кететін жайт, 2012 жылдың 10 айында «Достық» кедені бойынша 785 контейнер жөнелтіліп, жалпы жүк айналымы 13 млн. тоннадан асқан. Кездесулар барысында сонымен қатар, жоспарланған мультимодальдік тасымалдау шарттарын қарастыратын көлік-логистикалық орталықтың құрылысы мәселелері де талқыланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін