Михаэль Шумахер мүгедектер арбасына таңылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Михаэль Шумахер мүгедектер арбасына таңылды

Михаэль Шумахер мүгедектер арбасына таңылды

«Формула-1»-дің аңыз спортшысы, әлемнің жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахер бұл күнде сал болып, мүгедектерге арбасына таңылған, - деді оның досы, бұрынғы автошабандоз Филипп Стрейф француз БАҚ-тарына берген сұхбатында. Бұл туралы Еuromag.ru. жазды. 

  • 20 Қараша 2014
  • 268
Фото - Caravan.kz


«Шумахер өзін жақсы сезінгенімен, қазір оған өте қиын, себебі ол сөйлей алмайды. Ол мүгедектер арбасында таңылды. Оның есте сақтау қабілеті нашарлаған», -деді ол.

Еске сала кетейік, Шумахер 2013 жылы желтоқсан айының соңында Францияда шаңғымен сырғанап жүріп құлаған болатын. Оның миына қан құйылып, бас сүйегі зақымданған.

2014 жылдың маусым айының соңында алты жарым ай өткеннен кейін Шумахер комадан шығып, оңалту клиникасына ауыстырылғандығы хабарланған болатын.

2014 жылдың қыркүйегінен бері Шумахер өзінің үйінде.