Жарияланды: 470

Миллионнан астам жасанды сөмке сатқан 73 қытайлық ұсталды

Қытай полициясы Louis Vuitton, Hermes және Coach брендтерінің 20 мың жасанды сөмкесін заңсыз өндіргені және сатқаны үшін 73 күдіктіні қамауға алды. «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, қытайлық тәртіп сақшылары бұл операцияда америкалық әріптестерінің көмегіне жүгінген.

Ұсталғандарға миллионнан астам жасанды сөмке сатты деген айып тағылып отыр. Ірі көлемдегі контрафактілі тауарларды басқа елдерге сатты деген айыппен мамыр айында осы қылмыстың басы-қасында жүрген тегі Цянь (аты құпияда сақталып отыр) деген кәсіпкер ұсталған болатын. Қытай әлемде контрафактілік тауарларды шығарудан ең бірінші ел болып саналады. 2011 жылы АҚШ-тың қару-жарақ жүйесінің өзінде қытайлық контрафактілік тауарлардың еніп кеткені анықталып, біраз шу болған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін