Минус 26°C-қа дейін аяз: Алдағы күндерге ауа райы болжамы жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Минус 26°C-қа дейін аяз: Алдағы күндерге ауа райы болжамы жарияланды

Минус 26°C-қа дейін аяз: Алдағы күндерге ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет 22-24 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

  • 21 Қаңтар 2022
  • 54
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Батыс антициклон жотасының әсерінен, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы, Қазақстан бойынша тұман, республиканың оңтүстік өңірлерінде көктайғақ күтіледі.

Тек батыста, оңтүстік-шығыста, сондай-ақ 24 қаңтарда елдің орталығы мен шығысында, оңтүстік циклонның ықпалымен жауын-шашын болады, жел 15-23 м/с дейін күшейеді.

Республиканың батысындағы ауа температурасының негізінен түнде 3-18°C аяз, күндіз 1-13°C аяз, Маңғыстау облысында күндіз +2+7°C болады деп болжанады.


Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде 18-28°C аяз, күндіз 10-20°C аяз болады. Орталық пен шығыста түнде 8-26°C аяз, күндіз 5 … 20 аяз. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде 2-20°C аяз, күндіз -5+5°C болады. 

Соңғы жаңалықтар